Нужно сочинение про национальную казахскүю одежду на казахском

Ответы:
Гулия Гончаренко
18-02-2014 08:55

халқымыздың ұлттық киімдері өте көп.  тымақ- ерлердің бас киімі. оны аңның , малдың терісінен тігеді. ОЛ түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ деп аталады. Тымақ қасиетті бас киім оны айырбастауға болмайды. Бөрік-оны ерлерде, қыздарда киеді. Бөріктің сырты мақпалмен, барқыт сияқты қымбат маталармен көмкеріледі.Жиегіне қымбат бағалы аң терілері  тігіледі, тері түлеріне қарай, кәмшат бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік т.б аталады.     Сәукеле- ұзатылған қыз киетін бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Қымбат маталармен қапталып, ақық, інжу, лағыл тастармен көмкеріледі. оны тек байдың өыздары киеді, сәукелеге қарап қыздың дәрежесі бағаланады.Шапан- қазақтың кәделі киімі. Оны мықты матадан тігеді. Ішіне жүн, немесе мақта салады. Жақы- ертеректе ауқатты адамдар  киген,жағалы, асыл киімдердің , бұл күнде сирек кездесетін киімдердің бірі.Ішік- сыпайы әрі сәнді киім. Сырты берік матадан, іші аң, мал терісінен тігіледі.Ішіне салынған терісіне қарай ол    күзен ішік, суыр ішік, жанат ішік, қасқыр ішік т.б атала береді.Шекпен- тек қана түйе  жүнінен тоқылады. Қамзол- әйел киімі.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя ВАЛЕРИЯ НИКОЛАЕНКО

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Нужно сочинение про национальную казахскүю одежду на казахском» от пользователя ВАЛЕРИЯ НИКОЛАЕНКО в разделе Право. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!