Билер сөзі нақылдын көзі

Ответы:
KRISTINA SEMENOVA
06-03-2014 13:39

Ауыл ақсақалы шала болса,Жігіттері алту ауыз ала болса,"Ә" десе, "Мә" дейтін.Жасы үлкеніне жасы кішісі "сен" десе,Сол ауылдың берекесі кетеді.Әйелің қабағын түйіп керілсе,Шай құйып беруге ерінсе,Ұлың ұрысқа сай болса,Келінің керіске сай болса,Қызың сумақай болса,Сол үйдің берекесі түгел кетеді.*****Атың жақсы болса,Тіршілікте мінген пырағың.Балаң жақсы болса,Жанып тұрған шырағың.Әйелің жақсы болса,Досың жаныңа жиналып,Рахаттанар қонағың. Атың шабан болса,Тіршілікте көрген азабың.Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.Әйелің жаман болса, Досың сенен безініп,Үйіңнен кетер қонағың. ******Балаң жаман болса,Көрінгеннің мазағы емес пе!Атың жаман болса,Шыбын жанның азабы емес пе!Қатын жаман болса,Бұл жалғанның тозағы емес пе!Туған балаң жақсы болса,Тән мен жанның шырағы емес пе!Мінген атың жақсы болса, Бұл дүниенің пырағы емес пе!Алған жарың жақсы болса,Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе?*****Ерден ердің несі артық,Ептестірген сөзі артық.Малдан малдың несі артық,Бір-ақ асым есі артық.Жерден жердің несі артық,Бір-ақ уыс шөбі артық.Міндетіне алған сөзден,Шегінген жігіттен,Өлген аюдың өзі артық. *****Бір бала бар - Атадан жете туады.Бір бала бар - Атадан өте туады.Бір бала бар - Кері кете туады!*****Өркенім өссін десең,Кекшіл болма - Кесапаты тиер еліңе.Елім өссін десең,Өршіл болма,Өскеніңді өшірерсің.Басына іс түсен пақырғаҚастық қылма - Қайғысы көшер басыңа.Жанашыры жоқ жарлығаЖәрдемші бол асыға.Қиын-қыстау күндердеӨзі келер қасыңа.Бүгін сағы сынды деп,Жақыныңды басынба!******Алтын ұяң - Отан қымбат,Құт берекең - атаң қымбат,Аймалайтын анаң қымбат,Мейірімді апаң қымбат.Асқар тауың - әкең қымбат,Туып өскен елің қымбат,Ұят пенен ар қымбат,Өзің сүйген жар қымбат.*****Тату болса, ағайын жақын,Ақылшы болса, ағайың жақсын.Бауырмал болса, інің жақын,Инабатты болса, келінің жақын.Алдыңа тартқан адал асың,Қимас жақын - қарындасың.Сыбайлас болса, нағашың жақын.Адал болса, досың жақын.Еркелейтін немерең жақын.Өз ұрпағың - шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңненБәрінен де әйелің жақын.*****Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын. Дәл осындай жағдайда пана болмас өз үйің.Жазылмаса, дерт қиын,Іске аспаған серт қиын. Ақылыңнан адасып,Өзің түскен өрт қиын. Тентек болса, ұл қиынНе істеріңді біле алмай,Ашиды сонда бас миың.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя Поля Столяренко

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Билер сөзі нақылдын көзі» от пользователя Поля Столяренко в разделе Право. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!