Сыйырдын етинен жасалатын тагамдар

Ответы:
Ника Атрощенко
24-03-2014 18:45

Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді.Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.Ақсорпа – ертеде соғымның етін пісіргенде қалған сүйектерін жинап қойып, кейін жуып, қазанға қайнатып, майлы сорпасын ішкен. Оны ақсорпа дейді.Салма – етті турап пісіріп, нан кеспесін салып жасап, ішеді. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді. Сорпасы дәмді.Тұздық – сорпаға жуа, тұз қосып қайнатып, табақтағы туралған еттің үстіне салып, оның дәмін келтіреді. Кейде оған азырақ ұсақ туралған сәбізді де қосады.Шыж-мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп, шыж-мыж жейді.Қара ала шыжық – ұсақталып туралған етті мал майын қосып табаға қуырып әзірлейтін тағам.Ет ыстау – қайың қабығын жағып, оның түтінінің үстіне еттерді іліп қояды. Ысталған ет әрі дәмді, әрі ұзақ сақталады.Бүрме – күзде жаңадан сойылған малды жас күйінде сақтау үшін терісіне салып, бүріп тастайды. Бұл шөпті үнемдеуге, малды арытып алмай етін тамаққа пайдалану үшін өте пайдалы.Әсіп – ет, өкпе, бауыр мен бүйрек, құйрық майды өте ұсақтап турап, күріш, ұсақ туралған пияз, тұз, бұрыш қосып, жаңа сойылған малдың ішегіне салып пісіріп, әзірлейді.Түймеш – малдың сұрпы етін ағаш балғамен ағаш жаңғырық үстінде ұрып, жаныштап, жұқалап алып тұздап, сақталған ет. Ол тез піседі, әрі жұмсақ болады.Тоң май – малдың құйрық, шарбы, іш майларын қазанға шыжғырып алынған май. Оған бауырсақ тәрізді ұн тағамдарын пісіреді. Тоң май бұзылмай, ұзақ сақталады.Палау – қазақтың дастарханына да тән тағам. Қазандағы өсімдік майына сүйекті шағын еттер салынып қуырылып, ол піскен соң жақсы жуылған күрішті үстіне салып, су құйып пісіреді.Мәнті – тартылған ет фаршынан әзірленеді. Төрт бұрышты кесілген қамырдың ортасына салып, жан жағын гүл қауызындай етіп қаусырып жабыстырады да арнайы ыдыста буға пісіріп жейді.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя STAS KRYSOV

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Сыйырдын етинен жасалатын тагамдар» от пользователя STAS KRYSOV в разделе Право. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!