Казак тили тапкыр коян

Ответы:
ZAMIR POLYAKOV
26-05-2014 13:03

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:          — Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.          Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.          Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:          — Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.          — Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.          Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:          — Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.          Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.          Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:          — Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя ПОЛЯ БОРИСОВА

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Казак тили тапкыр коян» от пользователя ПОЛЯ БОРИСОВА в разделе Право. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!