Ангебаб дукени сочинение на казахском языке

Ответы:
ЛЕРА БАБУРКИНА
03-04-2017 07:51

Алматының Абылай даңғылында орталық әмбебап дүкені бар. Бұл қаланың орталығында орналасқан. Мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап ине-жіпке дейін сатады.Дүкені үш қабат, іші өте кең, төменгі қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілесіз. Заттар әр қабатта тәртіппен орналасқан. Мәселен:Бірінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, кино-сурет, күй табақтары және үй ішіне қажетті кілем, палас, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, аяқ-табақ, т.б. заттар орналасқан. Екінші қабатта ерлерге арналған сырт, іш киімдер, аяқ киімдер сатады. Шұлықтар, галантерея, парфюмерия, сыйлықтарға арналған бұйымдар да осында. Үшінші қабаттың бәрі түгелдей әйелдерге ар-налған. Мұнда олардың іш, сырт, аяқ киімдері және түрлі маталар, дастарқан, орамалдар сатады.Орталық әмбебап дүкенінің сатушыларының көбі-қазақ тілін білетін, ұқыпты, сыпайы, елгезек адамдар.Егер сіз олардың қазақша: «Маған спорт костюмі, аяқ киім және электрон сағаты керек еді»,-десеңіз, олар: «Қазір бізде спорт костюмі мен аяқ киім болмай тұр, ал электрон сағаты бар. Алыңыз»,-деп жауап береді. «Маған мына жейде мен галстук ұнап тұр. Бағасы қанша?»-деп сұрасаңыз, олар бөгелместен: «Бәрін қосқанда 250 сом. Аласыз ба? Әкеліңіз орап берейін»,-деп елгезектік көрсетеді. Басқа бөлімдерге барып үстіңізге сырт киім таңдай бастасаңыз, олар: «Мына үлгі сізге жараспай тұр-» кең, қысқа, ұзын» деген сөздерді айтып қызмет көрсетеді. Орталық әмбебап дүкенінің бірінші қабатындағы кітап бөлімі маған өте ұнады. Мұнда орысша, қазақша, ұйғырша, түрікше, т.б. тілде жазылған кітаптар өте көп.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя Матвей Матвеев

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Ангебаб дукени сочинение на казахском языке» от пользователя Матвей Матвеев в разделе Право. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!