Фонетика на казахском языке правило

Ответы:
СВЕТА КОСТЮЧЕНКО
08-04-2018 14:41

Фонетика ережесі — дыбыстарды зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Ал жалпы дыбыс — сөздің ең кіші бөлігі болып саналады. Әдетте біз дыбысты естиміз немесе айтамыз. Фонетика ережесінде дыбыс екіге бөлінеді: Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар болып. Дауысты дыбыстар «тілдің қатысына қарай»: жуан және жіңішке болып, «жақтың қатысына қарай»: ашық және қысаң болып, «еріннің қатысына қарай»: еріндік және езулік болып бөлінеді. Фонетика ережесінде дауыссыз дыбыстар болса: «үн мен салдардың қатысына қарай»: қатаң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді.Фонетиканың тағы бір зерттеу саласын — буын дейміз. Буын дегеніміз не? Буын деп сөз айтылғандағы дауыс толқынын айтамыз. Буын түрлері: 1. Ашық буын, 2. Тұйық буын, 3. Бітеу буын. Онымен қоса фонетика ережесі «үндестік заңын» үйретеді. «Үндестік заңы» дегеніміз не? Ережесі: Буынның немесе дыбыстың ішіндегі дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың бір ретпен айтылуын айтамыз. Үндестік заңы: буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді. Буын үндестігі — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесуін айтамыз, ал дыбыс үндестігі — сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың үндесуін айтамыз. Дыбыс үндестігінің 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал

Картинка с текстом вопроса от пользователя SAVVA LOMONOSOV

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Фонетика на казахском языке правило» от пользователя SAVVA LOMONOSOV в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!