Оқшау сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілерін атаңдаршы))

Ответы:
AZAMAT KRUTOVSKIH
20-05-2018 13:33

Оқшау сөздер 3 ке бөлінеді:қыстырма,қаратпа,одағай Қаратпа сөздің тыныс белгілері: 1.Қаратпа сөз сөйлем басында тұрса , одан кейін үтір қойылады. Ал қаратпа сөз көтеріңкі дауыспен айтылса , соңынан леп белгісі қойылады. М-лы: Абай, сен осы ақынсың-ау! (М.Ә) Ой, әке-ай! Алысқа барып келдім. Барлық істі тындырдым.(Б.) 2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе,қаратпа сөздің екі жағынан үтір қойылады. М-лы: Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні. ( Крылов- Абай) 3. Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады. М-лы: Көріскенше қош болыңдар , бауырлар.Қыстырма сөздердің тыныс белгілері. Қыстырма сөздер де қаратпа сөздер сияқты сөйлемнің басында келсе ,үтір оның соңынан қойылады, сөйлемнің ортасында келсе , екі жағынан, ал сөйлем соңында келсе, үтір алдынан қойылады. Мысалы: Шіркін, сазгердің «Аққу» күйін тыңдағанда, нағыз аққудың үні естілгендей болады! Ұлтуғанды Мұстафаның үйі , әсіресе, Сілеусін жақсы көреді.(С.М.) Өзі осында келіп пе , сірә? ІІІ. Одағай сөздер. Одағай сөздер өздігінен сөйлем мүшесі болмаса да, сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көңіл- күйін ( қуану, таңдану, ренжу, өкіну) білдіреді. Айтушының көңіл-күйін, әр түрлі эмоциясын білдіретін оқшау сөздерді одағай сөздер дейміз. 

Картинка с текстом вопроса от пользователя ЛАРИСА ВОРОБЕЙ

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Оқшау сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілерін атаңдаршы))» от пользователя ЛАРИСА ВОРОБЕЙ в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!