Қырғауыл мен түлкі туралы ертегі

Ответы:
Valeriya Moroz
14-06-2018 05:52

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:         — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.         Қырғауыл:         — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.         Түлкі:         — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.         Қырғауыл:         — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.         Түлкі:         — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.         Қырғауыл:         — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.         Қырғауыл:         — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.         Түлкі:         — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.ТҮЛКІҚЫРҒАУЫЛЕРТЕГІЛЕРЕРТЕГІ

Картинка с текстом вопроса от пользователя ELIZAVETA TURA

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Қырғауыл мен түлкі туралы ертегі» от пользователя ELIZAVETA TURA в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!