Помогите написать про тойбастар

Ответы:
Лейла Лытвынчук
21-08-2018 15:53

Тойбастар -  қыз ұзату,  үйлену, тағы басқа тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен  қыз-келіншектер жиналып,  қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек,  бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана,  сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді.

Картинка с текстом вопроса от пользователя Леонид Гурьев

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Помогите написать про тойбастар» от пользователя Леонид Гурьев в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!