Фантазиялық ертегі құру

Ответы:
Куралай Кравченко
03-10-2018 12:20

Ертегіні сен қалай түсінесің? Мен ертегі адамның орындалса деген арманы деп ойлаймын. Барлық ертегінің негізінде фантазия жатыр. Мысалы ұшатын кілем, сиқырлы дастархан, алыстағыны көретін кейіпкерлер барлығы бүгінгі күні сол кездегі адамдардың орындалған арманы. Қазіргі адамда бәрі болғандықтан оның арманы да өте ұсақталып кетті. Дегенменде, талпынып көрейік. 2030 шы жыл. Теледидарды қосқанда, өңшең жасөспірім хабар жүргізіп отыр. Жүздерінде қуаныш, сөздері қандай сыпайы, бәрі байсалды, қазіргі теле жүргізушілердей асығыс емес, байыппен әңгімелейді. Жаңалықтарда: Дүние жүзі халықтарының бір Адамның бір Ананың баласы екендіктерін мойындап, соғыс деген алпауыттан бас тартып, бірлікте, ынтымақта, тыныш бақытты өмір сүру келіссөздеріне қол қойылған ерекше мерекеге міне бүгін 10 жыл дейді. Арадағы өткен 10 жыл ішінде халық барлық тілде еркін сөйлеп, бір бірімен тілмашсыз араласып, мәре-сәре болуда. Өлтіру, тонау, елдің қазынасына қол сұғу деген сөздердің қолданыстан шыққанына да 10 жыл. Осы өміріміз мәңгілік болсын ағайын, - деп хабарлады. Аминь

Картинка с текстом вопроса от пользователя Kuralay Lytvynenko

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Фантазиялық ертегі құру» от пользователя Kuralay Lytvynenko в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!