Стих Музафара Алимбаева Ана
* * *“Ана!” десем ана тілі ойға оралар.Баладай қуанарсың тойға барар.Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақылОлжам да қанжығама байлап алар. * * *Тере білсек бір – бір ауыз қара өлең,Неше миллион інжу-маржан шамамен?!Қанша гүлден “қазақ тілі бақшасы,Қандай дана өлшер қандай бағамен?!” * * *Ерке тіл, еркелеткіш тілім – кенім:“Еркежан, айналайын, күнім менің,Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым”,Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! * * * Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.Туған тілде ас қайырған сайын да,Оқығандай серпіліп қал бір дұға. * * * Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,Жарқырат қазақ тілі алмастарын.Халқына олжа салған айта алады,Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! * * * Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,Өміршең өзіміздің тілден таптым.Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,Аялап халық баққан гүл мен бақтың. М.Әлімбай
Также наши пользователи интересуются:
Помогите пожалуйста нужна помощВ Красную книгу по Северо-Казахстанской области занесено 12 видов хищников, одна ш?
⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Стих Музафара Алимбаева Ана» от пользователя Ленчик Базилевская в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.
Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!