Сочинение на тему мое лбимое дело
Бауыр — тез пісетін тағам. Оны етке қосып та, өзін бөлек те асуға болады. Егер етке қосып пісірілетін болса, оны қазанға ет пісерден аз ғана бұрын салу керек немесе бір қайнаған соң сүзіп алу қажет. Әйтпесе қатып кетеді. Бауыр қазанда қайнап жатқан кезде ор жерінен іскектеп, қанын ағызып отырған жөн. Қарын — асып пісірілген қарын өте дәмді, құрамында витаминдері мол тағам. Оны ыстықтай да, суытып, салқын тағам ретінде де жей беруге болады. Қарынды ыстық суға салып қояды. Өйткені қайнаған суға салынған қарынның бүрі пышақпен тез қырылып, оңай тазартылады. Тазарған қарын тағы бір рет тұзды суға салынып алынады. Сонда ол әбден тазарып шығады. Жапырақтап кесілген қарын қазандағы шым-шым жылы суға салынып, тұздалып, бұрышталады. Қарынды қатты қайнатуға болмайды. Соған орай отты басыңқырап қою керек. Піскен соң табаққа салып алынып, суытылады. Сөйтіп, ұсақтап туралып, тәрелкеге салынады да, үстіне дөңгелектеп кесілген пияз себеленеді. Тағы бір рет бұрыштап, тұздалады. Дастарқанға нан қоса әкелінеді.
Также наши пользователи интересуются:
Орфограмма слов лужи, уши, чашкаРыбки санитары очищают чешую других рыб от паразитов и вредных бактерий. За 15 мин ?
⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Сочинение на тему мое лбимое дело» от пользователя Liza Tereshkova в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.
Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!