Стихи абайа про зиму

Ответы:
Роман Морозов
03-01-2019 02:58

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап, келіп қалды.Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,Аязбенен қызарып ажарланды.Бұлттай қасы жауып екі көзін,Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,Алты қанат ақ орда үй шайқалды.Әуес көріп жүгірген жас балалар,Беті-қолы домбығып, үсік шалды.Шидем мен тон қабаттап киген малшыБет қарауға шыдамай теріс айналды.Қар тепкенге қажымыс қайран жылқыТитығы құруына аз-ақ қалды.Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,Малшыларым, қор қылма итке малды.Соныға малды жайып, күзетіңдер,Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Картинка с текстом вопроса от пользователя АЛЕКСАНДРА ИВАНЕНКО

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Стихи абайа про зиму» от пользователя АЛЕКСАНДРА ИВАНЕНКО в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!