Сказка про кожанасыр

Ответы:
СЕРЫЙ ВАСИЛЬЧУК
13-01-2019 16:55

Қожа көшеде адасып жүрген бір қойды ұстап, сойып алады. Оны бір жолдасына сыр ғып айтады. Жолдасы:— Қияметке барғанда не деп жауап бересің? — дейді.— Танамын, мен жеген жоқпын деймін.— Жоқ, тана алмайсың, қойдың өзі келіп куә болады.— Онда тіпті жақсы, ұстап алып, иесіне қайтарып беремін, — депті Қожекең.***Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. Біреу аптыға жүгіріп келіп:— Мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.— Мен хат танымаймын.— Ендеше неге басыңызға сәлде орайсыз?— Е, мәселе сәлде де болса, мә, басыңы ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең.***Хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақша қойыпты да былай депті;— Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын. Осының қайсысы көп, соны айтшы?Қожа ойланып тұрып:— Әрине, бір тиын көп, — депті. Таң қалған хан:— Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы?— Себебі, бір сом дегенде алты әріп бар. Ал бір тиын дегенде жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп пе, жеті көп пе?..

Картинка с текстом вопроса от пользователя АИДА БЫКОВЕЦЬ

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Сказка про кожанасыр» от пользователя АИДА БЫКОВЕЦЬ в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!