Нужен рассказ о национальных играх казахстана на казахском(

Ответы:
RUSLAN TURCHYN
14-01-2019 07:23

Қазақтың ұлттық ойындарының терең тәрбиелік, әскери-спорттық, салт-дәстүрлік, өзара қарым-қатынастық және көркем-эстетикалық сипаты бар. Ұлттық ойындар дене шынықтыру, жастардың ақыл-ой қабілетін арттыру сияқты міндеттер атқарған.Балалардың ең көп тараған ойыны — айгөлек. Ежелден бар ойындардың бірі - ақсүйек. Бозбалалар мен жігіттердің ойыны аударыспақ кезінде олар екі-екіден ортадағы алаңға шығып, бірін-бірі ат үстінен аударып түсіру үшін күш сынасады. Әбжілдік пен төзімділікке тәрбиелейтін ойынның бірі ат үстінде шауып келе жатып жерден күміс алу болатын. Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны - көкпар тарту.Бәйгеге ондаған, кейде тіпті жүздеген бас мал, әсемдік әшекей бұйымдар, күміс және алтын тайтұяқтар тігілетін. Ат жарыстарына қазақтар да қатыстырыла беретін. Халық арасына кеңінен тараған спорт жарыстарының бірі — қазақша күрес. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі. Күрестің бұл түрінде балуандардың жас мөлшеріне де, салмағына да шек қойылмайды. Халық өзінің балуандарын төбесіне көтеріп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытылмастай болып есте қалды. Үлкен мерекелерде, жиын-тойларда әр ру өз балуандарын күреске шығаратын.Қазақтарда бұлардан өзге алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы aтy, қыз қуу, жілік сындыру сияқты ұлттық ойын түрлері мен спорт жарыстары да болды.

Картинка с текстом вопроса от пользователя ЛЕРА ЛЕДКОВА

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Нужен рассказ о национальных играх казахстана на казахском(» от пользователя ЛЕРА ЛЕДКОВА в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!