Тема Татулық әңгіме құра.

Ответы:
Катюша Бритвина
15-01-2019 00:43

Тағдыр қазақ халқына ұлан-ғайыр жер беріп, байырғы тұрғынын аз етіп, сырттан келген өзге ұлтты көбірек қоныстандырып, көрші болып күн кешуге бұйырды. Осылайша тарих бізді көпұлтты ел ретінде қалыптастырды. Бұл қағидадан жер иесі – қазақ та, қазақ жерін мекендеген басқа ұлттың өкілі де қашып құтыла алмайды және сөзсіз мойындап тіршілік кешуге бейім екенін әр азамат терең түсінеді. Жаратушы көрші болуға жазғаннан кейін көңіл қалдырмас тіршілік кешу керектігін кеңпейіл қазақ әлдеқашан ұғынып, жатырқап-жатсынбай, керісінше, бауырына тартып, жанашырлық танытуды қасиеті етіп бойына сіңіріп те қойған. Бүгінде Қазақстанда 130 ұлттың өкілі тұратынын, 46 конфессия бар екенін көзіқарақты адамның бәрі біледі. Осыншама этностың мекендейтініне қара­мастан, Қазақстанда тыныштық пен келісім салтанат құрған деп мақтанамыз да. Бірақ бұл, Елбасымыз айтпақшы, «жұмыстың» нәтижесі». «Бұл – мемлекеттің жұмысы, бұл – бәріміздің жұмысымыз, әр қазақстандықтың жұмысы». Тіпті оны Президент адам ағзасындағы қантамырының жұмысына да балады. Қантамырының бір жерінде кідіріс болған кезде адам денсаулығына кінәрат жабысады, ендеше, мемлекетте де солай. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің тәжірибесі әлемдік тұрақтылыққа қосылған үлес болып отыр.Қоғам өзгерді. Онымен бірге адам да өзгерді. Жер бетінде тыныш жатқан ел кемде-кем. Құрығанда толқу болып тұрады. Осыны ойлағанда, әлдекімдермен салыстырғанда «шүкір, Қазақстан тыныш» деп кеудемізді кере бір тыныстап қаламыз. Ол – ең алдымен біздің елімізді мекендеген ұлттар татулығының, дәстүрлі достығының, мемлекетіміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саясатының арқасы. Ел Президентінің қазақ жерін мекендеген түрлі этнос өкілдеріне әділдікпен қарауының нәтижесі. Қазақтың ертеңін, өзінің, бала-шағасының келешегін ойлаған адам ең алдымен осы елдегі тыныштықты ойлайды. «Ел тыныштығы – өз тыныштығым» деп ойлаудың нәтижесінде бір өзеннен су ішкен, бір жайылымда мал баққан адамдардың арасына ала жіп керілмеді. Қазақ­станда қалыптасқан достықты, татулықты, құстың ұясындай жанға жайлы жылылықты сақтау, қас­терлеу парыз. Аумалы-төкпелі дүниеде есік-те­резесін қымтап, жеке арал жасап алып, өмір сүру мүмкін емес. Жолындағысын түгел жұтып жіберуге бар жайын мемлекеттерді айтпағанда, әлем картасынан нүктедей орын алатын, тіпті белгіленбей қалған ұсақ елдердің өзі жаһандану үдерісінен сырт тұра алмайтыны түсінікті. Демек, қанша жерден көңілді жайландырып, тоқмейілдікке салынғанымен, әлемде болып жатқан оқи­ғалардың біздің елімізден сырт айналып өте береді деп бейқам отырудың жөні жоқ. Елдегі тыныштық, татулық, экономикалық, әлеуметтік реформалардың жемісті жүруі әлдекімдердің түн ұйқысын қашырып, мазасыздыққа ұрындыруы әбден мүмкін. Сондықтан ұлттық қауіпсіздікті тәуелсіздіктің басты тірегі, басты шарты деп әр қазақстандық жан-жүрегімен мойындауы тиіс.

Картинка с текстом вопроса от пользователя Вадик Стрельников

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Тема Татулық әңгіме құра.» от пользователя Вадик Стрельников в разделе Қазақ тiлi. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!