Шекарада созине эссе курап бериндерши

Ответы:
Колян Филипенко
20-02-2011 20:54

Шегенделген шекара – ұлттық қауіпсіздік кепіліЕлбасының бастамасымен қабылданған Қа­зақ­­станның 2030 жылға дейінгі даму стра­те­гиясында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамт­а­масыз ету туралы үлкен саяси міндет қойылған болатын. Онда бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтас­тықты және шекараның мызғымастығын қамта­масыз етудің кепілі ретінде атап көрсетілген. Міне, сондықтан да егемен 20 жыл ішінде еліміз қол жеткізген ұланғайыр табыстарының бірі ел аумағының тұтастығын бекіткен әрі оны мызғымастай етіп шегендеген шекарасы болып табылады. Бүгінгі таңда бұл – бүкіл әлемге танылған, танылып қана қоймай, қалтқысыз мой­ындалған фактор. Соны­мен қатар, бұл – ұлтымыздың тарихында бұрын-соңды болма­ған, мемлекеттілігімізді айшық­тайтын баға жетпес құндылық.Егемендік алған сонау 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы кезінде белгіленген шекарала­ры­мыз түгелдей ашық-шашық жатқан болатын. Сон­дықтан да тәуелсіздіктің бастапқы жылда­рында Президент Назарбаев белгілеген сыртқы саясат­тағы басымдықтардың ішінде, әсіресе, шекара­ларды межелеу, оларды халықаралық тұр­ғыдан заңдастырып алу ең кезек күт­тір­мей­тін мәселе болатын. Өзінің 1996 жылы халыққа арнаған Жолдауында тәуелсіздіктің алғашқы бес жылын қорытындылай келе, Елбасының: «Халықаралық ауқымда танылмайынша, әлем­дік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздік, аумақ­тық тұтастық пен шекаралардың мызғымай­тынына кепілдік ал­майын­ша, мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік сала­ны дамыту туралы әңгіме қозғау құрғақ сөз болып қала береді», деуі соның дәлелі.Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біздің ел бұрынғы Кеңес Одағы тарап кеткен сәтте ше­караларды ресімдеу үшін Қытай Халық Рес­пуб­ли­касымен, Қырғыз Республикасымен, Ресей Фе­де­рациясымен, Түркіменстанмен және Өзбек­стан Рес­публикасымен келіссөздерге белсене кірісіп кетті.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя Kira Kudrina

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Шекарада созине эссе курап бериндерши» от пользователя Kira Kudrina в разделе Право. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!