Текст диктанта қараша күз белгісі

Ответы:
Диля Киселёва
16-05-2014 09:32

Қараша күз белгісі Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс ату сатына көп шықпаса да, қаз-үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи мен күйкентай салғанды талай-талай тамашалаған. Ол ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе ұзақ-ұзақ сапарлары , жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтызары еді. Міне, бүгін де күн шықпай шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастайды. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі ақулар тобы,исапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл беттерін сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын ыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып, өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя Ленчик Рябова

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Текст диктанта қараша күз белгісі» от пользователя Ленчик Рябова в разделе Право. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!