Ежелги казах тарихынан про энеолит

Ответы:
Даша Прохоренко
14-08-2015 05:22

ЭнеолитЭнеолит (лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас) – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. Энеолит адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалынғандары да пайда бола бастады. Адамдардың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Энеолит дәуірінде ауа-райы ылғалды болып, ірі сүтқоректілер көбейгендіктен аңшылар көшіп жүретін аумақтарын қысқартып, кейде бір жерге ұзақ уақыт шоғырлана да бастайды. Қоғамдық қарым– қатынасы – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері Иманбұрлық, Сексеуілді -1, -2 және Павлодарға жақын жерде, Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болды.

Также наши пользователи интересуются:

Картинка с текстом вопроса от пользователя Kolya Rusyn

⭐⭐⭐⭐⭐ Лучший ответ на вопрос «Ежелги казах тарихынан про энеолит» от пользователя Kolya Rusyn в разделе История. Задавайте вопросы и делитесь своими знаниями.

Открой этот вопрос на телефоне - включи камеру и наведи на QR-код!